Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогында чемпион атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Ақмола облысының Бурабай қаласында өткен триатлоннан Азия кубогында ересектер арасында Дарын Қонысбаев чемпион атанды.

Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогында чемпион атанды
Фото: Olympic.kz

Аталған жарысқа Азия құрлығындағы Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Жапониядан басқа Беларусь, Чехия, Германия, Молдова, Ресей, Эстония, Түркиядан 120-дан астам спортшы қатысты.

Турнир World Triathlon ұйымының құрлықтық күнтізбесі аясында өтті. Ол Әлем және Азия чемпионаттары алдындағы маңызды дайындық есебінде ұйымдастырылды.
Элита санатында ерлер арасында қазақстандық Дарын Қонысбаев 1:46:28 нәтижесімен жеңімпаз атанды. Одан кейінгі орындарды ресейлік Роман Минеев пен германиялық Тилль Крамп өзара бөлісті.

Ал қыздар арасындағы жасөспірімдер санатында ел құрамасынан Диана Ержанова алтын медальға ие болды. Көрсеткіші — 1:08:20. Өзбекстандық Диана Биктимирова мен қазақстандық Әнел Исабаева үздік үштіктен көрінді.

Ал ерлер арасындағы жасөспірім санатында еліміздің атынан қатысқан Елмұрат Қанай, Илья Крупяков, Рамазан Айнегов жүлделі орындарға ілікті.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық таэквондошылар халықаралық турнирлерде 8 медаль алды.

Соңғы жаңалықтар