Дарина Құлсейітова: «Әлем аруына» бір ай ғана дайындалдым

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Семей аруы» атанып, «Әлем аруы» байқауында Қазақстан намысын қорғаған 19 жастағы Дарина Құлсейітова Филиппин астанасы Манилада өткен байқаудағы өнерінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Айта кетейік, «Әлем аруына» қатысқан ең жас қыз Дарина үздік ондықтың арасына қосыла алған жоқ. Биыл «Әлем аруы» атағын Ирис Миттенер атты 23 жастағы француз қызы иеленді.

«Мен жақында ғана 19 жасқа толдым. Өмірлік тәжірибемнің аздығы, бағдарламаның тығыздығы, ең бастысы, уақыттың аздығы көп әсер етті. Мен тұрмысқа шығып кеткен «Алматы аруының» орнына осы жарысқа баратын болдым, сондықтан, әлемдік деңгейдегі жарысқа бір ай ғана дайындалдым. Айта кетейін, әлемнің басқа елдерінен келген қыздар бұл жарысқа бір жыл бойы дайындалған. Бір ай мен бір жылдың көп айырмашылығы бар. Киетін киімімді таңдағанда да, тіл білуім, жүріп-тұруымның барлығын дайындау үшін бір ай өте аз уақыт еді. Алайда, бұл жұмыстарды абыроймен орындап шықтым деп ойлаймын»,-дейді Дарина.

Даринаның айтуынша, Филиппин президенті берген түскі асқа, Манила қаласының губернаторы ұйымдастырған кешке келгендер мен Изариль елгісінің қабылдауына жиналғандар Қазақстанға қатты қызыққан.
«Жүздеген филиппин қыз-жігіттері, көрші елдердің азаматтары фейсбукта достық ұсынып, Инстаграмдағы парақшама жазылды»,-дейді ол.

Соңғы жаңалықтар