Дарынды оқушылар университет зертханаларын тегін пайдаланады

АСТАНА. KAZINFORM — Дарынды оқушылар мемлекеттік университеттердің зертханаларын тегін пайдаланатын болады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған депутат Асхат Аймағамбетов айтты. 

Дарынды оқушылар университет зертханаларын тегін пайдаланады
Фото: Астана әкімдігі

— Республикалық немесе халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайыстарына қатысатын дарынды балалар үшін бүгінде ғылыми ұйымдардың, тіпті университеттердің де зертханалары толық қолжетімді емес. Шағымдар көп. Енді осы заңмен министрлік бекіткен тәртіпке сәйкес, дарынды балалар, яғни пән олимпиадалары бойынша ұлттық құрамалар үшін мемлекеттік университеттердің зертханаларын тегін пайдалану құқығы беріледі. Бұл негізінен дарынды балалар үшін өте үлкен қолдау болады, — деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, ғалымдарға еліміздегі кез келген зертхана қолжетімді болады

Ол үшін аталған заң жобасы аясында зертханаларды басқа да ғалымдарға қолжетімді ету мақсатында «арнайы ұжымдық пайдалану зертханалары» деген ұғым және тиісті тетік енгізіледі. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум