Дария деңгейі ұдайы бақылауда тұр - Әділхан Қарлыханов
Ал Шардара су қоймасы қазірде 2,9 млрд. текше метр суды ұстап тұр. Төмен қарай жіберіліп жатқан 800 текше метр судың 400 текше метрін Көксарай су қоймасы қабылдауда. Сырдария бағытына одан секундына 400 текше метр су жіберіліп жатыр.Арыс сөзенінен түсіп жатқан су көлемі 28 текше метрді құрайды. Қызылорда су торабынан бүгінде секундына 357 текше метр су өтуде. Ауа райының салқын кезінде пайда болған мұз қала тұсынан өтіп, бұл күндері Сырдария ауданы аумағында жылжып барады.
- Қаңтардың үшінші онкүндігінде синоптиктердің болжамы бойынша күн суытып, дария бойы қатып, қауіп сейіледі. Жалпы су деңгейі өткен жылдан біршама аз болғандықтан қауіп жоқ деуге болады, - дейді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов.
Сондай-ақ, инспекция басшысы қауіптің аса болмағанына қарамастан дария бойы күні-түні бақылауда тұрғанын жеткізді.