Дәрілік заттардың балама түрлері жоқ - Асхат Аймағамбетов
АСТАНА. KAZINFORM —Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов елімізде дәрі-дәрмектің балама түрлерінің болмауынан препараттар жоғары бағада сатылып жатқанын айтты.

- Рұқсат етілген тізімдерде дәрілердің балама түрлерінің болмауына байланысты СҚ-Фармация 60 пайызы препаратты бір мердігерден сатып алған. Мысалы, «фраксипарин» дәрісінің баламасын тіркеу созылып кеткендіктен, оны максималды бағамен сатып алған. Тек 2024 жылы оның баламалы түрі тіркелгендіктен, баға төмендеп, осы дәріден 90 млн теңге үнемделді. Қарап отырсақ, «керемет» ойлап табылған тәсіл сияқты, - деді А. Аймағамбетов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстанда азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесін жариялады.
Сонымен қатар Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов Қазақстанда дәріні тіркеу үшін өте күрделі бюрократиялық рәсімдерден өту керек екенін айтып, осы саланы сынға алды.