Дәрілік заттың бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін шекті бағалары бекітілді
АСТАНА. KAZINFORM — Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін (28.07.2025 жыл) күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті.

«Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 тамыздағы № ҚР ДСМ-94 бұйрығына өзгеріс енгізілді.
Бекітілген дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағалары, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағалар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылды.

Құжаттың толық мәтіні сілтеме бойынша қолжетімді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, дәрі-дәрмекті сараптау ұлттық орталығының қызметіне тексеріс жүреді.