Дәрменсіз көршісін өлтірген тұрғын 17 жылға сотталды - БҚО

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, И.Цымбал мас күйінде көршісінің жалғыз тұратынын, өзгенің көмегінсіз жүре алмайтынын және қарсылық көрсете алмайтынын біліп, терезені сындырып, үйіне заңсыз кірген. Ұйықтап жатқан үй иесіне шабуыл жасап, ақша талап еткен. Ақша беруден бас тартқан оны қылғындырып өлтірген. Содан кейін үйдің ішін аралап, жәбірленушіге тиесілі заттарды жымқырған.
Сот үкім шығарған кезде ҚК-нің 58-бабы 4-бөліміне сәйкес қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау талабын, алдыңғы баптың бас бостандығынан айыратын санкциясында 15 жылдан 20 жылға дейінгі көзделген жаза мөлшерін, екінші баптың 10 жылға дейін бас бостандығынан айыратын санкциясын, прокурордың ұстанымын, қылмысты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескерді.