Дарья Чеснокова 50 метрге жүзуден үздік 8 спортшының қатарына кіре алмады

АСТАНА. KAZINFORM — Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында жүзуден жарыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Дарья Чеснокова 50 метрге жүзуден үздік 8 спортшының қатарына кіре алмады
Фото: ҰОК

Бүгін, 4 қарашада, Қазақстан атынан Дарья Чеснокова сынға түсті.

Қазақстандық спортшы 50 метрге еркін стильде жүзуден іріктеу кезеңіне қатысты. Ол өз тобында мәреге үшінші болып жетіп, қашықтықты 27,88 секундта бағындырды.

Жалпы есепте Дарья Чеснокова 24-орынға тұрақтады. Осылайша ол финалға жолдама алған үздік сегіз спортшының қатарына кіре алмады.

Іріктеу кезеңінде ең үздік нәтижені Жаңа Зеландия өкілі Алиса Лоусон көрсетті. Ол 50 метрді 25,92 секундта жүзіп өтті.

Бұған дейін Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шыққанын жазғанбыз.