Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасындағы алғашқы голын Бельгияға салды

АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Бельгия кездесуінде құраманың ең жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев гол соқты. 

Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасындағы алғашқы голын Бельгияға салды
Фото: Cолтан Жексенбеков/Kazinform

Дәл қазір елордадағы «Астана-арена» стадионында өтіп жатқан ойында алғашқы минуттан қазақстандық футболшылар алға қарай ұмтылды. Осындай сәттердің бірінде Дастан қарсылас қақпасынан саңылау тауып кетті. Бұл – 17 жастағы жас футболшының құрама сапында соққан алғашқы голы.

Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасындағы алғашқы голын Бельгияға салды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Дастан Сәтпаев ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2025 жылдың 19 наурызында Кюрасао құрамасы қарсы кездесуінде жасады. Қазірге дейін алты ойын өткізіп үлгерді.

Қазір турнир кестесінде қазақстандық футболшылар 7 ойыннан кейін 7 ұпаймен төртінші орында келе жатса, Бельгия 14 ұпаймен көш басында тұр.

Қазақстан мен Бельгия
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

FIFA рейтингінде Қазақстан құрамасы 119 орында тұрса, Бельгия 8 орынға жайғасқан. 

Қазірге дейін отандастарымыз Уэльстен екі мәрте (1:3, 0:1), Солтүстік Македониядан (0:1), Бельгиядан (0:6) есебімен жеңіліп, Солтүстік Македониямен (1:1) тең түссе, Лихтенштейнді (4:0, 2:0) екі мәрте тізе бүктірді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгиямен кездесетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар