Дастан Сәтпаев ҚПЛ-дің сәуір айындағы үздік ойыншысы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан алматылық «Қайрат» командасының жартылай қорғаушысы Дастан Сәтпаев Қазақстан Премьер-лигасындағы сәуір айының үздік футболшысы атанды.

Дастан Сәтпаев ҚПЛ-дің сәуір айындағы үздік ойыншысы атанды
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Оған қоса алматылық клубтан Рафаэль Уразбахтин үздік бас бапкер болды. 

Сәуір айында «Қайрат» алты кездесудің бесеуінде жеңіске жетіп, біреуінде тең түсті. Осылайша турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. 

Айта кетсек, наурыз айында үздік бапкері мен үздік ойыншысы атағына Дастан Сәтпаев пен Рафаэль Уразбахтин ие болған еді.

Биыл Қазақстан кубогында жартылай финалда «Қызылжар» мен «Ордабасы», «Тобыл» мен «Жеңіс» ойнайды.

Жеңімпаз 2026 жылы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.
Айта кетесек, 2024 жылы «Ақтөбе» Қазақстан кубогының иегері атанды.
Финал биыл Қызылорданың жаңа стадионында өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар