Дастанбек Қоспанов Атырау облысының Дене шынықтыру басқармасына басшы болды

Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев таныстырды.
Дастанбек Қайыржанұлының екі жоғары білімі бар. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер», Батыс Қазақстан инновация-технология университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандығымен бітірген.
Әр салада еңбек етті. 2003-2004 жылдары Махамбет аудандық пошта бөлімшесінде, 2004-2005 жылдары «Казпочта» АҚ Атырау облыстық филиалында әртүрлі қызмет атқарған.
2006-2007 жылдары Атырау облыстық сәулет және қала құрылысы департаментінің штаттан тыс қызметкері, 2007-2008 жылдары Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болған.
2008-2016 жылдары Атырау облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында жұмыс істеді.
2017-2019 жылдары Атырау қалалық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етті.
2019 жылдан осы тағайындауға дейін Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарайтын «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ директоры қызметін атқарды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Қайрат Омаров Атырау облысының Еңбек мобильділігі орталығына басшы болғанын хабарлаған едік. Қайрат Омаров Атырау мұнай және газ институтын «экономист» мамандығымен бітірген. 2013 жылдан бері Жылыой ауданы әкімдігінде «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болған.