Елордада Astana Finance Day–2025 өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Astana Finance Day – 2025 халықаралық форумы басталды.

бизнес
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Жылдың басты қаржы оқиғасының биылғы тақырыбы – «Болашақтың негізін қалайтын капитал». Тақырып ағылшын тіліндегі «capital» сөзінің қос мағынасын: біріншісі, Астана – Қазақстанның астанасы (capital) және Шығыс пен Батыс тоғысқан, қарқынды дамып келе жатқан қаржы орталығы, екіншісі мағынасы – орнықты өсудің қозғаушы күші ретінде капиталды (capital) білдіреді.

жасанды интеллект
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Әлемде капитал үшін қызу бәсеке күшейген бүгінгі заманда қолдағы ресурсты ұтымды пайдалану – климаттың өзгеруінен бастап экономиканы өсіруге және технологияны ілгерілетуге дейінгі сын‑қатерді жеңудің негізгі кепіліне айналып отыр.

Қанат Бозымбаев
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

- Бүгінгі дамушы нарықтағы инфрақұрылымға инвестициялар тақырыбына арналған панельдік сессияға қош келдіңіздер. Белгілі болғандай, дамыған инфрақұрылым – экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Еуразияның дәл жүрегінде орналасқан Қазақстан инфрақұрылымдық дамуды мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындап отыр. Біз заманауи көлік дәлізін құрып, транзиттік әлеуетімізді дамытып, энергетика мен цифрлық технологияларға жеке инвестицияны белсенді түрде тартып келеміз, - деді Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев.

форум
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Екі күнге жалғасатын Astana Finance Days-те әлемнің 70-тен астам елінен 5 000-нан аса қатысушы, оның ішінде брокерлер, банкирлер, инвесторлар мен инноваторларды қоса алғанда, қаржы және технологиялық сектор, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдері бас қосып отыр.

- Дамушы нарық бүгінде шынымен де жаңа инфрақұрылымдық серпілістің алдында тұр. Осы тұрғыда еліміз халықаралық әріптестерге экономиканың түрлі саласында жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін бірегей мүмкіндік ұсына алады. Қазақстан Үкіметі тарапынан сенімді әрі болжамды серіктес таба аласыздар. Бүгін Astana Finance Days аясында басталған диалог ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа, жаңа жобаларға және тұрақты дамуға берік іргетас боларына сенімдімін, - дейді вице-премьер.

Халықаралық форумның үш негізгі тақырыптық бағыты бар - қаржылық капитал, инфрақұрылымдық капитал және институционалдық капитал.

ЖИ
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы форумның ерекшелігі AFD Exhibition Hub – Astana Finance Days бірыңғай көрме платформасы болмақ. Ол капитал және цифрлық инновация нарығында жұмыс істейтін компанияларды біріктіреді және оң шешімдерді көрсетуге, нарықтағы позицияны жақсартуға және стратегиялық серіктестермен тікелей байланыс орнатуға арналған кеңістікті ұсынады.

Айта кетейік, ҚМА коммерциялық емес ұйымдардың күдікті операцияларына талдау жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар