Дауыл, найзағай, бұршақ: еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК синоптиктері 4 тамызда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

күн күркірейді
Фото: Pexels

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында, күндіз шығысында, батысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 28 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 4 тамызда күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 4 тамызда найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 18-23 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігіде олтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 4 тамызда солтүстік-шығыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 4 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 4 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Өскеменде 4 тамызда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 4 тамызда түнде найзағай ойнап, күндіз солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Оралда 4 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында 36 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырауда 4 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 4 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда 4 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 4 тамызда күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 4 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Қостанай облысының батысында найзағай ойнап, тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2 тамыздан бастап циклонның артынан солтүстіктен антициклон жылжып келе бастайды. Ол жауын-шашынның тоқтауына және солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасының 15–20 градусқа дейін төмендеуіне себеп болады. Елде күн суытатынын болжанған еді.

 

Соңғы жаңалықтар