Дауылды ескерту: 4 сәуірде күн райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ синоптиктері Қазақстан бойынша 2026 жылғы 4 сәуір, сенбіге арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады. 

жаңбыр
Фото: Алматы әкімдігі

Мамандардың болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты еліміздің көп бөлігінде қолайсыз ауа райы белең алады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей тұста қатты жауын-шашын болады, бұршақ түседі және дауыл тұрады.

Әсіресе, еліміздің солтүстік-батысы мен оңтүстігінде қатты жауын-шашын болады.

Сондай-ақ, шығыста кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз құрғақ ауа райы сақталатыны хабарланды. 

— Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыстарға тұман, желдің екпін алуы жатқызылады, ал солтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін, — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Қызылорда облысының шығысында, батысында, солтүстігінде, Түркістан өңірінің орталығында, солтүстік-батысында, шығысында, Жамбыл облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Айта кетейік, бұған дейін 4–6 сәуірге арналған ауа райы болжамын жаздық. Мамандардың болжамынша, алдағы үш күнде барикалық циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты жайлы ауа райы жауын-шашынды күндермен алмасады.

Соңғы жаңалықтар