Дәуір Дәулетов Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып Дәуір Дәулетов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None


Дәулетов Дәуір Рысбайұлы 1986 жылы 21 қаңтарда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
2007 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «филология», 2010 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің Жамбыл облысындағы департаментінің штаттан тыс іс жүргізушісі болып бастаған.
2008-2012 жылдары аталған департаменттің балалардың құқықтарын қорғау мониторинг және ақпараттық талдау қызметі бөлімінің бас маманы, бастығы;
2012-2014 жылы Жамбыл облысының балалар құқығын қорғау департаментінің мониторинг және ақпараттық талдау қызметі бөлімінің бастығы;
2014-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы;
2018-2023 жылдары Жамбыл облысы, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Бұған дейін Абдалы Нұралиев Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы болып сайланғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар