Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясы басшылығынан кетті

АСТАНА. KAZINFORM - Белгілі спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясы (UWW Azia) президенттігінен кетті.

Дәулет Тұрлыханов
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Иордания астанасы Амман қаласында өткен федерацияның бас ассамблеясында аталған қызметке жаңа басшы тағайындалды. Енді бұл міндетті иорданиялық Мохаммед Әл-Авамала атқаратын болды. Ол 38 дауыстың 34-ін жинады. Енді иорданиялық маман бұл ұйымды 2028 жылға дейін басқарады.

Дәулет Тұрлыханов аталған қызметті 2017 жылдың мамырынан атқарып келді.

Иордания астанасы Амман қаласында өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.

Еске салсақ, 25-30 наурыз аралығында өтетін Азия чемпионатында ел құрамасы еркін, грек-рим және әйелдер күресінен сынға түседі.

Соңғы жаңалықтар