Дәурен Абаев 2018 жылы жетістікке жеткен қазақстандықтарды атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «2018 жылы ерекшеленген қандай қарапайым қазақстандықтардың айрықша жетістіктерін атап өтер едіңіз?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Әлем үшін Қазақстан биыл жаңа есімдерді таныта білді. Жаңа жетістіктерді бағындырған, әлбетте, ең алдымен Димаш Құдайбергенді атап өту керек. Сонымен бірге, Канн фестивалінде «Ең үздік актриса» атанған Самал Еслямова да көпті мойындатты. Даниэля Төлешова «Балалар Еуровижнде» құрметті орынды иеленді. Мәселен, шахматшы қыздарымыз Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдімәлікова әлемнің ең үздік 20 шахматшыларының қатарына енді. Мұндай жетістіктер ешқашан болмағанын да айта кету керек», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.
 

Министрдің айтуынша, әлемдік дәрежедегі спорт шыңдарын Юлия Галышева бағындырған. Жазғы Азия ойындарында да спортшыларымыздың жетістігі жетерлік.

«Астана» футболшылары да еурокубокта сәтті өнер көрсетті. «Барыс» хоккейшілер де жеңістерімен қуантып жатыр. Қуанышты сәттерді бізге өнер мен спорт өкілдері ғана емес, қарапайым қазақстандықтар да сыйлағанын ерекше атап өткім келеді. Бір мысал келтірейін: мені әсіресе алматылық Равиль Сейфуллиннің өмір жолы ерекше тебірентті. Ол он жыл бойы желілік оператор болып еңбек етіп, компьютерлерді жөндеу жұмыстарымен айналысқан. Ал бүгінгі таңда ол бұзылып қалған компьютерлерді жөндеп, көмекке мұқтаж балалардың отбасыларына таратады. Он айдың ішінде ол мүмкіндігі шектеулі балаларға, онкологияға шалдыққан балалар мен жетімдерге 70-ке тарта ноутбук пен компьютер табыс еткен. Яғни, ол өз ісімен 70-ке тарта балаға қуаныш сыйлап отыр. Осындай жағдайлар тебіренте отырып, жақсылыққа сенуге үндейді», - дейді Дәурен Абаев.

 

Соңғы жаңалықтар