Дәурен Абаев: Елімізде 300-ден астам мәдени нысанға сұраныс бар

«Бүгінде елімізде 7637 мәдени нысан жұмыс істеп тұр. Тағы да 300-ден астам мекемеге сұраныс бар. Ондай қажеттілік негізінен ауылдарда сезіліп отыр», -деді министр.
Ведомство басшысы бұл нысандарды салмас бұрын жергілікті халықтың пікіріне құлақ асу керектігін ескертті.
«Дей тұрғанмен, салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар мұндай мекемелердің көпшілігі тұрғындардың талап-тілегін ескермей салынатынын айтады. Соның салдарынан салынған мекеме қаңтарылып, бос тұрады. Сол үшін жоспарлаған кезде тұрғындар пікірін ескеру маңызды.
Осы жиынға өңірлердің өкілдері қатысып отыр. Сіздерден осы мәселеге баса назар аударуларыңызды сұраймын. Мысалы, кейбір мектептердің жанында керемет кітапханалар бар. Соны ескерместен, біз әлгі елді мекенге кітапхана саламыз. Оның орнына клуб салса, әлдеқайда тиімді болар еді. Осындай мәселелер өте көп», - деді Дәурен Абаев.