Дауылды жел СҚО-да санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына тиесілі гараждың шатырын құлатты

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Кеше дауылдап соққан қатты желдің салдарынан Солтүстік Қазақстан облысы, Тайыншы қаласында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына тиесілі гараждың шатыры қирады. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.
None
None

Секундына 22 метр жылдамдықпен соққан дауылды жел гараждың 108 шаршы метр ауданына зақым келтірді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Шығындар анықталуда.

Соңғы жаңалықтар