Дауылдық ескерту: ШҚО-да жауын-шашын, көктайғақ болады, 8 наурызда температура күрт төмендейді

ӨСКЕМЕН. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті дауылдық ескерту жасады:
None
None

6 және 7 наурыз күндері өңірде жауын-шашындар өтеді, кей жерлерде жауын-шашын жаңбыр түрінде молынан түседі. Желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге күшейеді, екпіні кей уақыттары 26 м/с-қа жетеді.

Түнде температура бағаны 0+5 градус, күндіз +5+10 градус жылылықты көрсетеді, кей жерлерде +13-ке дейін жылынады. Қардың жылдам еруі күтіледі.

Бұл күндері шағын өзендер мен жылғаларда су деңгейінің көтерілуі, таудан жылғалармен су ағуының қалыптасуы күтіледі, тасқындар мен су басу жағдайлары болуы мүмкін, деп атап өтті ТЖ қызметінен.

Ал 8 наурызда ауа температурасы төмендейді: түнде -10-15, кей жерлерде 20-25 градус аяз болады.

Соңғы жаңалықтар