Дауыс беру кезінде әр сайлау учаскесінде қоғамдық байқаушы болмақ - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия филиалы өз жұмысын бастады. Бұл туралы бүгін филиал төрайымы Вера Шохина мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, қазіргі кезде белсенді азаматтар есебінен сайлау учаскелеріне баратын қоғамдық байқаушылар іріктелуде. Дауыс беру күні өңірде 523 сайлау учаскесінің әрқайсысында комиссия өкілі болмақ. Олар президенттік сайлаудың заңға сәйкес өтуін бастан-аяқ бақылайды.

Республикалық комиссия құрамына көрнекті қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар мен журналистер енгізілгені белгілі. Комиссия жұмыс барысында халықаралық байқаушылармен, облыстық сайлау комиссиясымен, прокуратурамен, кандидаттардың сайлауалды штабтарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, сарапшылармен тығыз байланыста болмақ. Батысқазақстандық филиал құрамында төрайымға қоса сондай-ақ Светлана Сейілханова, Күміс Қайсағалиева, Наталья Горбунова жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар