Дауыс беру үшін инватакси қызмет көрсетуде - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазалы ауданында сайлау учаскелері орналасқан ғимараттар стандартқа сәйкес пандустармен толық жоабдықталған, әрі барлығы да бірінші қабатта орналасқан.
None
None

Аудан бойынша мүгедек арбамен жүретін 73 мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау учаскелеріне келуіне қолайлы жағдай жасау үшін инватакси қызметі жұмыс жасауда. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Дауыс беру құқығына ие мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау барысында дауыс беруін қамтамасыз ету үшін жеке көмекшілері қызмет көрсетуде.

Ауданда 12 тұрғын өтініштері бойынша денсаулығына байланысты өз үйлерінде дауыс берді.

Соңғы жаңалықтар