Дауыс берудің алдын ала нәтижесі: Павлодар облысынан Ернұр Айткенов сенатор болады
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Павлодар облысы бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ОСК ұсынға мәліметке сай, үміткер ретінде тіркелген Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Ернұр Айткенов (87,1%) ең көп дауыс жинады. Оның кандидатурасын қолдап, 148 таңдаушы дауыс берді.
Еске сала кетейік, бүгін еліміз бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтіп жатыр.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10:45-тегі жағдайға сәйкес, еліміздің барлық өңірлеріндегі таңдаушылар отырыстарында кворумға қол жеткізді.
Айта кетейік, Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат тіркелген. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген.
Фото: gov.kz