Давоста Дүниежүзілік экономикалық форум өтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Биылғы Давос экономикалық форумының тақырыбы – «Зияткерлік дәуір жолындағы ынтымақтастық», деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Форум 20-25 қаңтар аралығында өтеді. Биыл бұл шара АҚШ президенті Дональд Трамптың инаугурациясымен тұспа-тұс келді, ол форумға қатысушылар алдында бейнеконференция арқылы сөз сөйлейді.
Давосқа 130-дан астам елден 3 мыңға жуық адам, оның ішінде 60 мемлекет және үкімет басшылары келеді деп күтіліп отыр. Шараға қатысатын әлем көшбасшылары арасында Германия канцлері Олаф Шольц, Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, Қытай үкіметінің вице-премьері Дин Сюэсян, Бангладеш уақытша үкіметінің басшысы Мұхаммад Юнус, Аргентина мен ОАР президенттері Хавьер Милей мен Сирил Рамафоса бар.
Форумның негізгі тақырыптары – Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімінің әлеуеті, Газадағы соғыс, Украинадағы жағдай және климаттың өзгеруі.
Трамптың екінші президенттігі – Давоста талқыланатын негізгі тақырып, деп жазды «Неміс толқыны».
Трамптың Ақ үйге оралуы Давостағы пікірталастарда көп талқыланады деп күтіліп отыр. Достастық және достастық емес елдердің тауарларына кедендік тарифтерді қоямын деп қорқыту және Канада мен Гренландияға амбицияларын таныту арқылы Трамп инвесторларды, компанияларды және үкіметтерді таң қалдырды.
Саясаткерлер мен бизнесмендер Трамп уәде еткен сауда соғыстары қалай өрбитінін және олардың жаһандық экономикаға қалай әсер ететінін түсінуге тырысады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың 47-ші Президенті Дональд Трампқа жеделхат жолдап, оны 20 қаңтарда Вашингтонда өткен ұлықтау рәсімінде АҚШ Президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады.
Трамп АҚШ президенті ретіндегі алғашқы сөзінде не туралы айтты – осы материалдан оқи аласыз.