ДДСҰ маймыл шешегімен күресу үшін 135 млн долларлық жаһандық жоспарды іске қосты

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) маймыл шешегінің (mpox) адамнан адамға жұғуымен күресу үшін жаһандық науқанды бастады, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі. 

ДДСҰ маймыл шешегімен күресу үшін 135 млн долларлық жаһандық жоспарды іске қосты
Фото: who.int

Стратегиялық жоспар 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың ақпанына дейін жұмыс істейді және 135 млн доллар қаржыландыруды қажет етеді.

Жаһандық, аймақтық және ұлттық күш-жігерді үйлестіріп отырған бағдарлама қадағалау және әрекет ету стратегияларын жақсартуға, диагностика мен вакциналарға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, жануарлардан адамға жұғуын азайтуға және індетпен күресу үшін қауымдастықтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Вакцинация жоспары жұқтыру тізбегін бұзу үшін пациенттер мен медицина қызметкерлері сияқты қауіп ең көп төніп отырған адамдарға бағытталған. Оның негізгі бағыты – стратегиялық нұсқаулар мен ұсыныстарды беруге, сондай-ақ зардап шеккен аймақтардағы халықтың осал топтарына медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету.

«Конго Демократиялық Республикасында және көршілес елдердегі шешек індетін бақылауға және тоқтатуға болады», - деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Ұйым мәлімдемесіне сәйкес, жақын арада қаражат жинауға үндеу жарияланады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Африкада кең таралған, әсіресе Конго Республикасында әсерін күшейткен маймыл шешек вирусына (M-pox) байланысты жаһандық төтенше жағдай жарияланғанын жазған болатынбыз. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әлемдегі маймыл шешегінің ағымдағы жағдайы туралы және еліміздің аумағында инфекцияның таралуын болдырмау бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет жариялады. 

Швеция үкіметі елде маймыл шешегі (M-pox) ауруы тіркелгенін хабарлады. 

Қытай билігі елде маймыл шешегі ауруының таралуына жол бермеу үшін бақылау-өткізу бекеттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шараларын күшейтті. 

Соңғы жаңалықтар