08:08, 15 Маусым 2016 | GMT +5
ДДСҰ: Рио Олимпиадасында Зика вирусын жұқтыру қаупі төмен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) алдағы Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындары барысында Зика вирусын жұқтыру қаупі барынша төмендігін жария етті. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлайды.

Халықаралық ұйымның мамандары тамыз айында өтетін олимпиаданы кейінге қалдырудың қажеттілігі жоқтығына сендіруде.
Бразилия - Зика вирусының таралу ошағы болып саналады. Бұған дейін ДДСҰ аталмыш вирусты вакцинасы жоқ жаһандық қатер ретінде айқындаған.
Медицина мамандары аяғы ауыр әйелдерге Рио-де-Жанейроға бармауын, бара қалса ауруды жұқтыратын масалардың шағып кетпеуін қадағалауды сұрайды.
ДДСҰ сарапшылары тамыз айында Бразилиядағы масалардың белсенділігі аса жоғары еместігін атап өуде.