12:11, 24 Тамыз 2025 | GMT +5
ДДҰ: Газадағы 15 600-ден астам науқас медициналық эвакуацияға мұқтаж
АСТАНА. KAZINFORM — Газа секторындағы 15 600-ден астам тұрғын, соның ішінде 3 800 бала, мамандандырылған медициналық көмек алу үшін эвакуацияға мұқтаж, деп хабарлайды Анадолы.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус АҚШ-тың X әлеуметтік желісінде хабарлады.
ДДСҰ басшысы хал үстінде жатқан науқастарды эвакуациялауға қолдау көрсеткені үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне алғыс білдірді.
– Газа секторында 15 600-ден астам науқас, оның ішінде 3 800 бала әлі де мамандандырылған көмекке мұқтаж. Біз эвакуация ауқымын кеңейтіп, өмірлік маңызы бар көмекке қолжетімділікті арттыруға шақырамыз, – деп жазды Гебрейесус.
Сондай-ақ ол тағы да Газа секторында атысты тоқтатуға үндеу тастады.