ДЭФ индексі бойынша Қазақстан жоспарланған индикатордың 3-еуіне қол жеткізген жоқ - Б. Сұлтанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жаһандық индексі бойынша Қазақстан жоспарланған 11 индикатордың 3-еуіне қол жеткізген жоқ. Бүгін Қаржы министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңес отырысында ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті.
None
None

«Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстанға 9 индекс пен 2 оңай жүргізу индексі бекітілген. Осылайша, бұндай рейтингтік индикатор саны 11 болды. Осы 11 индикатордың тек үшеуіне қол жеткізілмеді. Дегенмен, ол үшеуінде де көрсеткіштер жоғары болып тұр», - деді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, бұндай жоғары мақсаттардың қойылу себебі ол «мұнайға қатысты тәуекелдер» басталмай тұрып бекітілген болатын. Сондықтан да, ведомство басшысы әлемдік нарықтағы жалпыэкономикалық үдерістермен байланысты объективті себептерді алға тартады. «Тұтастай алғанда құлдырау, жағдайды нашарлату болған жоқ. Бұл 2017 жылғы жоспарларда да ескерілетін болады», - деді Б. Сұлтанов.

Оның сөзіне қарағанда, барлық мақсаттарға толыққанды қол жеткізу үшін - 28 индикатор мен 45 көрсеткішті жүзеге асыру қажет. «Бұл жерде индикаторларға негізінен жоғары деңгейлер жатады әрі саяси сипаты басымырақ болады. Ал көрсеткіштерге негізінен мәліметтер, соның ішінде жүктер айналымын басқару, банкроттықтар саны, электрондық қызметтер үлесі секілді мәселелер қамтылып отыр», - деді Б. Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар