Дегустаторлар Чехиядағы жасырын қоймадан табылған 125 жылдық шараптың дәмін татты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дегустаторлар Чехиядағы жасырын қоймадан табылған 125 жылдық шараптың дәмін татты. Бечок қаласындағы чехиялық бекініс ағаш еденінің астында шарапты жақсы көрушілер үшін нағыз қазына табылды, деп хабарлайды NTDTV.
None
None

Сирек кездесетін сұрыптар сусынының 130-дан астам бөтелкесі. Олар ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарында жабылды. Бекініс иелері шарапты Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында сарбаздардан тығып қойған.

Бөтелкелер 1985 жылы оларды тапқанға дейін сол қалпында болған.

Енді Чехия билігі бұлардың құнын анықтау үшін сомельені шақырып алды.

Грег Ламбрехт иненің көмегімен сусынның бірнеше тамшысын алуға мүмкіндік беретін құрылғыны ойлап тапты. Бұл ретте бөтелке бүтін болып қалады.

Кейбір бөтелкелер 30 мың доллардан астам сомаға бағаланды. Ал бәрінің жалпы бағасы бір миллион 200 мың долларға жетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар