Делиде АӨІСШК Аға лауазымдық тұлғалар комитетінің отырысы болды

АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат – Бүгін Делиде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен АӨІСШК Аға лауазымдық тұлғалар комитетінің кезекті отырысы болып өтті.
None
None
Бұған дейін осындай отырыс Бангкок пен Сеулде өткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Комитеттің отырысына тұңғыш рет толыққанды мүше ретінде 2008 жылғы тамызда Кеңес қатарына қабылданған Иордания Хашемит Королдігі мен Біріккен Араб Әмірліктері қатысты. Кеңестің кеңейтілуі оның беделін арттыра түседі.Қатысушылар отырысқа АӨІСШК Аға лауазымдық тұлғалар комитетіне алғышарт болған арнайы жұмыс тобын қарады және тиісті ұсынысты мақұлдады. Кеңеске 2002 жылдан төрағалық етуші Қазақстанның мандаты 2010 жылы аяқталады. 2009 жылдың қаңтарындағы мемлекетішілік рәсімдердің қорытындылары бойынша Анкара Қазақстанның ұсынысымен келісетіні туралы мәлімдеді, ол Түркияның Президенті Абдулла Гүлдің АӨІСШК төрағасы ретінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына арналған жолдауында айтылған болатын. Аға лауазымдық тұлғалар комитетінің осы отырысында Түркия өзінің кандидатурасын ресми түрде ұсынды.Қазақстанға «Әскери-саяси өлшемдерде сенім шараларын жүзеге асыруға деген төрағаның тұжырымдамалық пайымы» құжатын даярлау функциясы жүктелген. Кейінірек оның негізінде «Кооперативті тәсіл» құжаты әзірленетін болады. Делидегі кездесу Азия құрлығындағы қауіпсіздік пен орнықты даму үшін АӨІСШК мақсаттары мен міндеттерін жылжытуға форум қатысушыларының даяр екендіктерін тағы да паш етті.
Соңғы жаңалықтар