Делиде белгілі зерттеуші Р.Райнаның «Өткен уақыт жаңғырығы: Қазақстан мен Үндістан» атты кітабының тұсакесері болды

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Делидегі Үндістанның Халықаралық істер жөніндегі кеңесінде ҚР елшілігі белгілі үндістандық зерттеуші Р.Райнаның Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып шығарылған «Өткен уақыт жаңғырығы: Қазақстан мен Үндістан» атты кітабының таныстырылымын өткізді.
None
None

Делиде белгілі зерттеуші Р.Райнаның «Өткен уақыт жаңғырығы: Қазақстан мен Үндістан» атты кітабының тұсакесері болды

"Іс-шараға үндістандық дипломаттар, басқа да орталардың, БАҚ-тың, сонымен қатар Делиде тіркелген дипломатиялық корпустардың өкілдері қатысты", - деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Жиында сөз алған Үндістанның Халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Ш.С.Деваре мен Үндістанның сыртқы істер министрі Ш.Прасад тамыры тереңде жатқан Қазақстан-Үндістан қарым-қатынасы тарихының зерттелуі өте маңызды әрі қажетті іс екенін атап өтті. Р.Райнаның кітабы Үндістан оқырмандарына Қазақстан тарихымен танысып, өз кезегінде екі ел арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік туғызатындығы ерекше аталып өтілді.

Кітапқа қажетті материалды жинастыруға көмек бергені үшін туынды авторы Р.Райна Қазақстан елшілігіне, сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаровқа алғыс айтты.

Іс-шара барысында ҚР елшісі Дулат Қуанышев сөз алып, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында жарық көріп отырған шығарманың алар орны өзгеше екеніне тоқталды.

Д.Қуанышев жиналған қауымды ағымдағы жылғы сәуір айының соңында өтетін Үндістандағы Қазақстан мәдениеті күндеріне қатысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар