Делиде «Қазіргі Қазақстан: мемлекеттілік құрудың табысты тәжірибесі» деп аталатын кітаптың таныстырылымы болды
деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Іс-шараға дипломатиялық корпустың, сараптама тобының, қалың жұртшылықтың және жетекші үндістандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Елшісі Қайрат Омаров үндістандық журналист Дипанджан Рой Чаудхуридің жазған кітабының жарыққа шығуымен құттықтады. Кітап автордың Қазақстанға жасаған көптеген сапарларының және жыл сайын өткізілетін Еуразиялық медиафорум аясында ресми тұлғалармен, сарапшылармен және журналистермен кездесуінің нәтижесінде дүниеге келген.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдерін, аймақтағы оның геосаяси рөлін ашып көрсететін және ҚР сыртқы саяси басымдықтары мен халықаралық бастамалары туралы егжей-тегжейлі баяндайтын кітап үндістандық қоғам тарапынан біздің елімізге деген, әсіресе Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы қаңтарда Республика күнінің тойлануына Құрметті қонақ ретінде Үндістанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша өсе түскен айтарлықтай қызығушылыққа жауап береді.