«Delta Bank» Қазақстанның жеті қаласындағы бөлімшесін жапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Delta Bank» АҚ жеті қаладағы бөлімшесін жабатынын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

«Delta Bank» Қазақстанның жеті қаласындағы бөлімшесін жапты

Осылайша, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Петропавл қалаларындағы бөлімшелері бүгінгі күнмен есептік тіркеуден шығарылды.

Бұрын хабарланғандай, ҚР Ұлттық банкі «Delta Bank» АҚ-ның жеке және заңды тұлғалардан депозит қабылдауға, жеке және заңды тұлғаларға банк шотын ашу үшін лицензиясын тоқтатқан еді.

Банк 1993 жылдың 1 қыркүйек күні Ақтау қаласында Батыс Қазақстан ірі мұнай-газ компанияларының бастамасымен құрылған болатын. 

фото: kursiv.kz