21:23, 07 Маусым 2024 | GMT +5
Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы 42 градусқа дейін ысиды
АСТАНА. KAZINFORM - Маусымның 8-і мен 10 аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынып, ауа температурасы +35+42°С болады, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК-сы.
«Қазгидромет» мәліметтеріне қарағанда, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде Мәскеу аумағынан келетін циклонның ықпалымен күн құбылып тұрады. Тағы бір аймақтарда өткінші жаңбыр жауады. Мысалы елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады, күн күркіреп, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
«Соған қарамастан Жерорта теңізі аумағынан жылы ауа келіп, көптеген өңірлерде ауа температурасы +27+35°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +35+42°С-қа дейін ысиды»,-делінген хабарламада.