Демалыс күндері еліміздің солтүстігінде 8 градусқа дейін аяз болады

аяз
Фото: Freepik

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, 27 сәуірде жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалымен еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен 28 сәуірде оңтүстікте жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, 29 сәуірде солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, 29 сәуірде түнде республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр аралас қар жауады.

Қазақстан бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста дауыл соғады деп күтілуде.

Жалпы температуралық фонға келетін болсақ, күндізгі температура біртіндеп көтеріледі, алайда 27-28 сәуірде түнде еліміздің солтүстік жартысында термометр бағаны 1-8 градус аязға дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар