Демалыс күндері Павлодар облысында қар жауып, көктайғақ болады

АСТАНА.KAZINFORM - Облыстың төтенше жағдайлар департаменті ауа райы туралы ескерту жариялап, 12 қазан күні ауа температурасы күрт төмендейтінін хабарлады. Сонымен бірге қар жаууы ықтимал.

Осадки и гололед ожидаются на большей части РК 31 октября
Фото: pixabay

Құтқарушылардың мәліметінше, 12 қазанда Павлодар облысында түнде облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауып, бұрқасын болады, соның салдарынан көктайғақ болуы мүмкін. Бүгіннің өзінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

— 12 қазанда 15-20 м/с, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с және одан да көп болады. 11 қазанда күндіз ауа температурасының күрт төмендеуі байқалды, 12 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға дейін төмендейді. Бұл туралы Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Синоптиктердің ұзақ мерзімді болжамы бойынша, өңірде қазан айының екінші онкүндігінде ауа температурасы күндіз 7-12 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Жауын-шашын нормадан жоғары болады деп болжанды.

Бұған дейін «Қазгидромет» Қазақстан бойынша 12-14 қазан күндері қар жауатынын хабарлаған болатын. Сонымен қатар, жел күшейіп, таңертең тұман түседі.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында күн күрт суытты. Түнде жауған қардың соңы боранға ұласты. Синоптиктер мұндай ауа райы тағы екі күнге созылатынын атап өтті. Ал сағат 17:00-де Ақмола облысында күннің бұзылуына байланысты Астана-Петропавл автожолы қозғалысына шектеу енгізілді.