Демалыс күндері үсік жүріп, құбылмалы ауа райы сақталады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 7-9 қыркүйек аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынады. 

күз
Фото: Pexels

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жаңбыр жауып, оңтүстік өңірлерде найзағай жарқылдайды.

7 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, шығыста және оңтүстік-шығыста таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында ғана антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды. 

Қазақстан бойынша жел күшейеді.

Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда тұман түседі.

7 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 8 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. 

Соңғы жаңалықтар