Демалыста күн райы қандай болады
АСТАНА. KAZINFORM – Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 27 желтоқсанда елдің шығысында, 27–29 желтоқсанда батысында, 29 желтоқсанда солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында қар жауып, бұрқасын болып, көктайғақ болып жел күшейеді.
Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 27 желтоқсанда шығыс пен оңтүстік-шығыста, 28 желтоқсанда елдің батысында қалың қар жауады.
Республика бойынша тұман болады деп болжанып отыр.
Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда температура көтеріледі: түнде -10…-18°C, күндіз -0…-8°C. Шығыста түнде -15…-20°C, күндіз -5…-10°C.
Оңтүстік өңірлерде түнде 0…+5°C, таулы аудандарда түнде -5…-10°C, күндіз 5…15°C, таулы аймақтарда -4…-1°C болады деп болжануда.
Айта кетелік 26 желтоқсанда елдегі қай жолдар жабық тұрғаны туралы жазған едік.