13:01, 28 Наурыз 2011 | GMT +5
Демалыс күндері Астанада темір тұлпарларын мас күйінде басқарған 24 жүргізуші ұсталды
АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Астананың жол полицейлері көлікке мас күйінде отырған 24 жүргізушіні ұстады.
Жол полициясы басқармасынан мәлім еткендей, межеленген жылдамдықты асырған тағы 85 жүргізушіге, қарама-қарсы жолға шығып кеткен - 19, көліктерінің техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз болған - 17, машинаға тиісті құжаттарсыз отырған - 13 және қозғалыс кезінде ұялы телефон пайдаланған - 62 жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылды. 29 көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Осы күндері елордалық жол полицейлері жолда жүру ережесін бұзған барлығы 1500 көлік иесін анықтады.