15:12, 11 Тамыз 2015 | GMT +5
Демалыс күндері Астананың бірнеше көшесінде қозғалыс шектеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық Көлік басқармасының хабарлауынша, ағымдағы жылдың 15-16 тамызында Игілік көшесі бойында Ташкент көшесінен Тайбурыл көшесіне дейін беткі асфальтті бетон қабатын салу салдарынан автокөлік үшін қозғалыс жабылады.
Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде аталмыш жол бөлігінде №24 автобус бағдары «ТЭЦ-1» аялдамасына дейін, №30 автобус бағдары «Жас Ұлан мектебі» аялдамасына дейін жүреді.
Азаматтарды ақпараттандыру үшін қажетті жол белгілері қойылатын болады, деп жазады astana.gov.kz.