13:39, 03 Маусым 2022 | GMT +5
Демалыс күндері Қазақстанда жаңбыр, найзағай болжанады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен 4-6 маусым күндері республиканың барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

5 маусымда жаңбыр болжанады, республиканың шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Дегенмен, термометр бағанында ерекше өзгерістер күтілмейді: батыста 22-33 градус жылы, оңтүстік-батыста 29-37 градус жылы, солтүстік-батыста 15-25-тен 20-33-ке дейін жылы. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометрлер 15-26 градусқа дейін көтеріледі. Ал республиканың оңтүстігінде 27-37 градус жылы. Қазақстанның оңтүстік-шығысында 22-32 градус жылы болады.