Демалыс күндері Павлодар облысының екі тұрғыны өрт салдарынан көз жұмды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Павлодар облысында екі адам өрт құрбаны болды, деп хабарлады ТЖД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

2 сәуір күні күндіз Баянауыл ауылындағы жекеменшік үйдің ауласындағы жазғы асүй өртенді. Жалын сағат 12:33-те ауыздықталып, 13:36-да сөндірілді. Өрт аумағы 18 шаршы метрді құраған. Оқиға орнында 1961 жылғы азаматтың мүрдесі табылды.

Тілсіз жаумен күреске ТЖД-нің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметі» ММ жеке құрамының 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

3 сәуірде Екібастұз қаласындағы төрт бөлмелі тұрғын үйден өрт шықты. Өрт таңғы сағат 03:50-де ауыздықталып, 05:10-да сөндірілді. Жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнында 1953 жылы туылған азаматтың өртенген мүрдесі анықталды.

Өртті сөндіруге ТЖД-нің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметі» ММ жеке құрамының 11 адамы мен 2 техникасы тартылды.

Соңғы жаңалықтар