13:57, 10 Мамыр 2009 | GMT +5
Демалыс лагерінің маңында құзға құлап бір бойжеткен қаза тапты
АСТАНА. Мамырдың 10-ы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы «Орбита» демалыс лагерінің маңайында қайғылы оқиға орын алды.

Абайсызда «Машат» шатқалына құлап кетіп, алған жарақаттан 16 жастағы бойжеткен көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.