17:48, 06 Мамыр 2009 | GMT +5
Демалыс маусымында Алматы-2 ? Симферополь пойызы қатынайды
АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат – «Жолаушылар тасымалы» АҚ жазғы кезеңде №469/470 Алматы-2 – Симферополь пойызы сапарға шығатынын жариялады.

Құрам 15 вагоннан тұрады, оның ішінде «Атырау-Симферополь тіркеме вагоны және Ақтөбе-Симферополь және Маңғыстау-Симферополь тікелей вагондары бар. ҚазАқпаратқа компанияның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, пойыз мамырдың 31-інен қыркүйектің 9-ына дейін аптасына екі рет қатынайды. Алматы-2 стансысынан сәрсенбі және жексенбі күндері жолға шығып, Симферопольға бейсенбі және жексенбі күндері жетеді.