Демалыс және мереке күндері ел аумағында 31 табиғи өрт болды

Өрт ауданы - 5 642 га. Өрттер Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.
Ақмола және Қарағанды облыстарындағы өрт салдарынан 2 адам қайтыс болды. Қарағанды облысында 210 бас ірі және ұсақ мал қырылды.
Сонымен қатар, дала алқаптары жанған 56 оқиға тіркелді, оның аумағы - 18 446 га.
Қазіргі уақытта ТЖМ бақылауында 6 табиғи өрт және 5 өрт тұр. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Ақмола облысының Бурабай ауданында 2 оқиға («Бурабай» МҰТП аумағында, Мирное және Ұрымқай орманшылығында) болды.
Өрт көлемі анықталуда, өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатыр. Өрт сөндіруге ТЖ департаментінен (6 қызметкер және 1 техника), орман шаруашылығынан (12 қызметкер және 3 техника) 18 адам және 4 техника жұмылдырылды.
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Асубұлақ КШШ аумағында 1 оқиға орын алды. Өрттің алдын ала көлемі 2,6 га құрайды, өрт сөндіру жұмысы жалғасуда.
Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 3 оқиға орын алды (Жангелді және Ақтасты ауылдық округтерінің аумағында алдын ала алаңы 4000 га, Шеңбер ауылдық округінің аумағындағы екі учаскеде, алдын ала көлемі 950 және 550 га), өрт сөндіру жалғасып жатыр.
Өртті сөндіруге ТЖ департаментінен (119 қызметкер және 21 техника), ТЖМ 52589 әскери бөлімінен (154 ә/б және 8 техника), ЖАО, ерікті өртке қарсы құрылымдардан (249 қызметкер және 39 техника) 522 адам мен 68 техника жұмылдырылды.
Аумақты әуеден барлау үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.
Қостанай облысында жалпы 5 өрт болды. Біреуі - Жангелді ауданында («Алтын дала» табиғи резерватының аумағында, 5 шілде сағат 15.20-да оқшауланды, ауданы - 190 га), тағы біреуі - Амангелді ауданында (6 шілде сағат 01.45-те оқшауланды, ауданы - 430 га), екеуі - Наурызым ауданында (мемлекеттік табиғи қорық аумағында, алдын ала аумағы - 600 га, Шолақсай ауылынан 6 шақырым жерде 7 шілде сағат 08.30-да, ауданы - 500 га), біреуі - Қарабалық ауданында (Михайловка ОШБ аумағында 6 шілде сағат 20.55-те, ауданы - 150 га), өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатыр.
ТЖМ табиғи өрт қаупін азайту мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады:
- жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастамаңыздар;
- орман және дала алқаптарында от жақпаңыздар;
- шыны ыдысты өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін;
- жанғыш қоқысты шығару және елді мекен аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералдандырылған жолақтарды қалпына келтіру шараларын жүргізіңіздер;
- табиғи өрт туындаған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондарына хабарласыңыздар.