Демеу Жадыраев Олимпиададан кейінгі алғашқы жарысында алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Дортмунд қаласында (Германия) грек-рим күресінен Гран-при турнирі аяқталды. 

Демеу Жадыраев Олимпиададан кейінгі алғашқы жарысында алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Қазақстандық балуандар аталмыш турнирде 7 медальға алды, оның екеуі – алтын.

77 келіге дейінгі салмақта белдескен Демеу Жадыраев 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы халықаралық жарысында топ жарды. Сондай-ақ 67 келіге дейінгі салмақта Бағдат Сабаз да үздік атанды. Ербол Камалиев (60 келіге дейін) пен Омар Сатаев (82 келіге дейін) күміспен күптелді. Қола жүлдені Айбек Сабырбеков (60 келіге дейін), Асаухат Мухамадиев (63 келіге дейін) және Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) қанағат тұтты. 

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады. 

Бұған дейін Дүниежүзілік ойындарда Нұрсұлтан Дүйсенқұлов джиу-джитсудан күміс медаль алғанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар