Демеу Жадраев әлем чемпионатында жұбаныш белдесуіне қатысатын болды
АСТАНА. KAZINFORM - Грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Демеу Жадраев ширек финалда жеңіліп қалды.

ҚР ҰОК мәліметінше, 77 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы жартылай финалға шыға алмады. Ол 1/4 финалда ол жапониялық Нао Кусакаға 2:4 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында да Жадраев дәл осы Кусакадан жеңілген болатын.
Енді Демеу Жадыраев Хорватиядағы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласқа қосылды.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, Хорватия астанасында грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында 4 салмақтың финалистері анықталды. Ширек финалда (-77 кг) отандасымыз Демеу Жадыраевтан басым түскен Париж Олимпиадасының чемпионы Нао Кусака келесі белдесуінде мажар палуаны Роберт Атилла Фрицті жеңді.
Ертең түнде Кусака мен Малхас Амоян (Армения) бас жүлдені сарапқа салады. Ал Демеу Жадыраев украиналық спортшы Игорь Бычковпен жұбаныш кезеңінде күш сынасады. Бұл белдесуі ертең Астана уақытымен 13:30-да басталатын күндізгі сессияда өтеді.
Грек-рим күресінің шебері Демеу Жадраев әлем чемпионатының 1/4 финалына жолдама алғанын жазған едік.