Демеу Жадраев грек-рим күресінен әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Күрес түрлерінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен жарыстар басталды.

Демеу Жадраев
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, 77 келі салмақ дәрежесінде Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадраев турнирді жеңіспен бастады. Алғашқы белдесуде ол фин спортшысы Йонни Саркиненнен 5:2 есебімен басым түсті.

Осылайша, Демеу Жадраев 1/8 финалға жолдама алды.

Сондай-ақ 82 келіде күрескен қазақстандық Альмир Төлебаев та осы кезеңге өтті. Ол үндістандық Рахулды 7:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Денис Евсеев Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты.

 

Соңғы жаңалықтар