Демографиялық саясаттың негізгі басымдықтары Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында көрініс табуы тиіс ? Н. Назарбаев.

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан үшін алдағы уақытта да ең алдымен адам дамуына назар аудару аса қажет. Бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан әйелдерінің Ү форумында Мемлекет басшысы осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алдағы уақытта да Қазақстан үшін ең алдымен адам дамуына назар аудару аса қажет. Біз Қазақстанның демографиялық және адам дамуы саясатында жалпы ұлттық ауқымды қадамдар жасауға тиіспіз. Осыған орай мен Әйелдер істері және отбасылық ? демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға еліміздегі қоғамдық ұйымдардан, халықаралық ұйымдар тарапынан, ғылыми қауымдастықтан демографиялық саясатқа байланысты ұсыныстарды талқылауды тапсырамын. Бұл бағытта халықаралық тәжірибелер зерделенуі тиіс. Демографиялық саясаттың адам дамуы бойынша негізгі басымдықтары Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында көрініс табуы тиіс. Менің тапсырмам бойынша мұндай бағдарлама қазіргі күні әзірленіп жатыр», деді Н. Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар