Денис Евсеев Хельсинки турнирінің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші, әлемнің 239-ракеткасы Денис Евсеев Хельсинки (Финляндия) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Kazinform.
Денис Евсеев
Фото: ktf.kz

Іріктеу сайыстарынан кейін негізгі жарысқа жолдама алған қазақстандық спортшы алғашқы айналымда әлемнің 148-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненмен ойнады.

Денис Евсеев 7:5, 6:3 есебімен басым түсті.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта Д.Евсеев 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Қарсыласы 6 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Денис Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемнің 211-ракеткасы, италиялық Стефано Травальямен таласады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирінің алғашқы айналымында аса тартысты матчта рейтингте 147-орында тұрған тәжірибелі италиялық Фабио Фоньиниге жол берді – 6:4, 6:7 (7:9), 6:7 (5:7).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың АҚШ-та кезекті жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Жібек Құламбаева әлем чемпионатының финалдық кезеңі күрделі де қызықты болатынын айтты.

Атақты теннисші Қазақстан құрамасына ақ жол тіледі.

Соңғы жаңалықтар